Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
788
Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы лауазымынан кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
"Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", — делінген "Самұрық-Қазына" қорының ресми хабарламасында.
Ол бұл қызметті 2025 жылдың шілде айынан бері атқарып келген еді.
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов транзиттік тасымал жоспарының кешігіп жатқанына назар аударған болатын. Үкімет басшысы Талғат Алдыбергеновке бекітілген көрсеткіштерді уақытылы орындау жөніндегі жеке жауапкершілігін еске салып, қажетті шаралар қабылдауды тапсырған еді.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
18:35
Президент Қазақстан-Оман бизнес-форумында сөз с...
06.10.2026
18:04
Әлия Назарбаеваның бұрынғы компаниясы біржола ж...
06.10.2026
17:25
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сын...
06.10.2026
17:23
Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген ер...
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...