«Украинаның КҚК-ға жасаған шабуылы»: Айдос Сарым АҚШ-ты Киевке қысым көрсетуге шақырды 

14.01.2026 12:37 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Украинаның КҚК-ға жасаған шабуылы»: Айдос Сарым АҚШ-ты Киевке қысым көрсетуге шақырды 
0
194
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Украинаның КҚК-ға жасаған шабуылдарына байланысты АҚШ-ты Киевке қысым көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Politico.kz

«Меніңше, ірі акционерлердің бірі — сол Chevron. Біз Украинаның АҚШ қолдауына тәуелді екенін білеміз. Chevron — бұл әлемдегі соңғы компания емес. Менің ойымша, АҚШ пен басқа да серіктестеріміз бірігіп, Украина өз мақсаттарын дұрыс таңдауы үшін оған қысым көрсетуі тиіс», — деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.

Бұған дейін «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» халықаралық консорциумдары жалға алған екі шетелдік танкер КҚК терминалы маңында Украина дрондары шабуылдарынан зақымдалған еді.

Еске сала кетейік, 2025 жылы 29 қарашада Украина Каспий құбыр консорциумына кезекті рет шабуыл жасады. КҚК арқылы Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың 80%-ы тасымалданады, ал мұнай — ел бюджетінің негізі.

30 қарашада Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мұны «агрессия актісі» деп атап, Украинаның КҚК-ның сыни инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылына байланысты наразылық білдірді.

Бұған жауап ретінде Киев Қазақстанды Ресей Қарулы Күштерінің өз нысандарына жасаған жаппай соққыларына қатысты реакция танытпағаны үшін айыптады. Алайда Ресей Қазақстанға қатысты нысандарға, әсіресе КҚК сияқты ауқымды деңгейде, соққы жасамайды.

2025 жылы желтоқсанның ортасында Энергетика министрі Ерлан Аккенженов бұл оқиғаның салдарынан 480 мың тонна шығынға ұшырағанын, бірақ соған қарамастан 2025 жылға арналған жалпы жоспардың орындалатынын мәлімдеді. Киевтің КҚК-ға жасаған шабуылы әсер етті ме деген сұраққа ол: «Әрине», — деп жауап берді.

Мұнымен іс аяқталған жоқ. 2026 жылы 13 қаңтарда Украина қазақстандық мұнайды тиеуді жоспарлаған танкерлерге шабуыл жасады.

Біріншісі — Matilda. Мальта туы астында жүрген, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы жалға алған бұл танкерге дронмен шабуыл жасалды. Кемеде жарылыс болды. Ауыр зақым тіркелмегенімен, келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Екіншісі — Delta Harmony деп аталатын, Либерия туы астындағы танкер. Ол жүк тиеуді күту режимінде тұрған кезде дрондар шабуылына ұшырады.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий