ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы реадкциямызға комитеттің баспасөз қызметі растады. ҰҚК «Сабуровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 170-бабын ықтимал бұзу дерегі бойынша тексеріс жүргізілді ме?» деген сұраққа жауап жолдады.
«Ақпарат назарға алынды, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді ҰҚК.
Қылмыстық кодекстің 170-бабы («Жалдамалылық») соғысқа, қарулы қақтығыстарға қатыстыру немесе билікті құлатуға, елдің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттер үшін адамдарды жалдау (вербовка), оқыту, қаржыландыру немесе пайдалануды білдіреді. Бұл үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Сабуровтың Ресей жағында соғысып жүрген «Вагнер» бөлімшесіне 10 мотоцикл табыстағаны бейнеленген видео тарады. Осыған байланысты белсенді Марат Тұрымбетов Бас прокуратураға комиктің әрекеттеріне құқықтық баға беруді талап етіп, арыз жолдады.
Айта кетейік, ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарағаны хабарланған еді.
Соңғы жаңалықтар