Халыққа қызмет көрсету орталықтарында пара алу схемалары анықталды

19.03.2026 23:37 Қарақат АСЫЛОВА
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында пара алу схемалары анықталды
205
Жүргізуші куәлігін ақшаға сатқан

2026 жылдың басынан бері Қазақстанның бірнеше қаласында халыққа қызмет көрсету орталықтары (ЦОН) мен арнайы ЦОН-дарда (спецЦОН) пара алу схемалары анықталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Курсив сайтына сілтемемен.

Мәліметке сәйкес, Астана қаласы, Ақмола және Павлодар облыстарында жүргізуші куәлігін беру барысында заңбұзушылықтар мен жемқорлық фактілері тіркелген. Атап айтқанда, Астанада спецЦОН-ның бұрынғы басшы орынбасары әшкереленді. Ол ақша алу арқылы азаматтарға емтихан тапсыруға «көмектесіп», жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеген.

Сонымен қатар, Екібастұз және Көкшетау қалаларындағы спецЦОН басшыларының заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Тергеу барысында олардың клиенттердің орнына емтиханды басқа адамдарға тапсыртып, бұл қызметі үшін сыйақы алғаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің заңсыз баю деректері Астана, Тараз және Шымкент қалаларында анықталған. Қызметкерлер жылжымайтын мүлікті қайта рәсімдеу кезінде пара алып отырған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий